MENU

Қазақтың ұлттық аспаптары

Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық. Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Музыкалық аспаптар – адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы және тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалық шығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар. Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады.

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата –бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдыңтерісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т.б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық

аспаптар жасап алды.

Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтықфольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын,мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады. Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты.

Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 – 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа

Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.

Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады.

Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар

арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.

Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды.

Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз.Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.

Категория: Мои статьи | Добавил: Meke (25.06.2019)
Просмотров: 460 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar

Яндекс.Метрика